Қарыз - 21 ғасырда кең тараған, кез-келген адамның тап болуы мүмкін уақытша қиындық. Ия, ия, қарыздан шығу - ұзақ процесс, бірақ бұл да өмірдің уақытша бір сынақтарының бірі ғана.

Кейбіреулер 1-2 млн қарызынан жылдар бойы шыға алмай жүрсе, кей адамдар 10-20 млндаған қарыздан жарты-ақ жылда шығып кетіп жатады. Сіздің қарыздан қанша уақытта шығатыныңыз, сіз қарыз суммаға емес, сіздің ақша психологиясы туралы білімдеріңіз бен ақшаға деген қарым-қатынасыңызға тура пропорционал. Яғни, қарыз суммасы - сіздің потенциалыңызға тең, сіз белгілі дағдылар арқылы қарызыңыздан сол потенциалыңызға тең уақытта шығып кете аласыз

afa57ffb8a4086cc79db618054e0244f.jpg

КЕЗ-КЕЛГЕН ҚАРЫЗДАН ҚАЛАЙ ЖЫЛДАМ ЖӘНЕ ЖЕҢІЛ ШЫҒЫП КЕТУГЕ БОЛАДЫ?

Мәселенің шешімін іздемей тұрып, әуелі себеп-салдарын анықтап алайық, сонда біз іздеген сұрақтың жауабы өзі-ақ шығады.

Сонымен, адам не үшін қарызға кіреді? Бұған бірнеше себеп бар, олар келесідей:

  1. САЛДАР: Харам жолмен жүріп, қарызға бату. Яғни, қандай да бір алаяқтықпен, қылмыc немесе азартпен кіріп кеткендер.

    СЕБЕП: Үлкен ақша тек харам жолмен келеді деген ұстанымдармен сол жолға түсіп кеткендер, яғни ақша туралы қате установкалар, үлкен ақшаның қайдан келетінін білмеу, ақшаға байланысты дұрыс емес көзқарас

  2. САЛДАР: Күнделікті өмір қажеттіліктерін жабу үшін қарызға кіру. Яғни, айлық табысы жетпей, үй жабдықтарын, дәрі-дәрмек, киім-кешекті мәжбүр болғаннан қарызға алып, бірақ айлық табысы жетпей, қарыздан қарызға кіру.


  **СЕБЕП:**  қаржыны басқара алмау, табысының берекесі болмауы, ақша туралы дұрыс емес түсініктер, табыс көзінің аздығы

f56f4d2c0dcd398fdb05a2e61224de92.jpg